30 Қар 2021
Семинарлар

Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы

2021 жылдың қараша айында бөбекжайдың базасында «Бала тәрбиесінің негізі-ұлттық тәрбиеде» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Мақсаты : ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді,әдеп –ғұрпымызды,дін мен ділімізді , ана тілімізді,мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып,келешек ұрпақты осы асыл қазыналарымыз арқылы тәрбиелеу.

Семинарды барысында педагогтер тәжірибелерімен бөлісті. А.Б.Мусралиева және Қ.Ж.Жұмашева «Ұлттық тағам-ырысым», А.К.Есенова және А.К.Кенжегалиева «Асық ойындарының бала денсаулығына пайдасы», А.М.Хожина және А.М.Жанакова «Қазақтың ұлттық киімдері», Е.Х.Шандыров «Сиқырлы ноталар» тақырыптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін, Х.Б.Самсенова және Г.А.Хункашева «Тоқымқағар» салтын көрсетсе, Г.К.Уразгалиева және Г.Б.Ергазиева «Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы» туралы айтып, А.Г.Сапаров «Былғарыдан алқа жасау» шебер-сыныбын ұйымдастырды. Әдіскер Г.Жанекенова «Бәрін білгім келеді» интеллектуалды дамыту зертханасындағы «Бала тәрбиесінің негізі-ұлттық тәрбиеде» эксперимент алаңының 3 жылдық жұмысы туралы баяндап берді.

Семинар соңында қатысушылар пікірлерімен алмасып, қорытындылады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар