Басшының аты-жөні - Ибатова Фаузия Хафизовна
Қызметі: «Ақбөпе» бөбекжайының басшысы
Білімі: жоғары
Бітірген оқу орны, мамандығы: М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 2006 жыл, «Шет тілдер»
Курстық дайындық: 2021ж. Орал қ. Педагогикалық шеберлік орталығы
Санаты: І
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі: 20 жыл
Басшылық еңбек өтілі: 3 ай
Басшының үндеуі
Құрметті сайт қонақтары!Біздің сайтымызға кіргеніңізге өте қуаныштымыз, ол бірінші кезекте баласын бізге алып келетін және бөбекжай жаңалықтары, бөбекжайда өткізілетін мерекелер туралы қызығушылық танытатын ата-аналарға арналған.Сондай-ақ, Сіз мектепке дейінгі ұйымда өткізілген іс-шаралар туралы фоторепортаждарды көре аласыз.
Біздің сайт бөбекжай қызметкерлерінің жұмысы және ертеңгіліктер, мерекелер туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, біздің сайтымызда бөбекжайдың оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру жөнінде толық мәлімет алуға болады. Сіздермен бірге әрқашанда бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, өйткені біздің елімізді сүйгенін, тәртіпті, әдепті баланы өсіру біздің ортақ негізгі мақсатымыз. Бөбекжайда үйлесімді, жоғары білікті, кәсіби, тату ұжым жұмыс жасайды. Тәрбиешілер әрбір баланың жас ерекшелігіне қарай жақсы білім беруді, оны шығармашылыққа, ізденпаздыққа адамгершілікке тәрбиелейді.
Құрметпен, «Ақбөпе» бөбекжайының басшысы Ибатова Фаузия Хафизовна.
«Ақбөпе» бөбекжайы басшысының азаматтарды қабылдау күндері
Дүйсенбі күні сағат 09.00-13.00 дейін
Бейсенбі күні сағат 09.00-13.00 дейін
Қайырлы күн, құрметті тындаушылар!
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын.
Санаулы күндерден кейін жазғы сауықтыру кезеңі аяқталып, жаңа 2022-2023 оқу жылы басталады.
Өткен 2021-2022 оқу жылы бөбекжайымыз үшін сәтті жыл болды.
Жыл қорытындысы бойынша Құндыз Жарқынқызы Жұмашева «Үздік тәрбиеші-2021» аталымына ие болды.
Бейнелеу өнерінің мұғалімі Ахмет Гайдарович Сапаров мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің арасында ұйымдастырылған «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» тәжірибесінен шебер-сыныпқа қатысып аудандық кезеңнен І орын, облыстық кезеңнен І орын алып, Республикалық кезеңде жүлделі ІІ орынға ие болды.
Тәрбиеші Алтын Мусаевна Жанакова мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің арасында оздырылған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» аудандық байқауына қатысып жүлделі І орынға ие болды.
Орыс тілінің мұғалімі Бибигуль Телеккалиевна Иргалиева мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің арасында өткен «Табысқа қадам» аудандық сайыста І орынды қанжығасына байлап, облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Әдіскер Гульжан Жаныбековна Жанекенова аудандық "Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері" байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Былтырғы оқу жылында 6 топта 140 тәрбиеленуші тәрбиеленсе, соның 60 тәрбиеленушісі мамыр айының соңында бөбекжаймен қоштасты.
«Ақбөпе» бөбекжайында 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен білім беру процесінің ұйымдастырылуына тоқталатын болсам:
Биылғы оқу жылында бөбекжайда 135 бала тәрбиеленуде. Тәрбие-оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес 6 топ қызмет етеді. Кіші топтар саны – 1, ортаңғы топтар саны – 3, ересек топтар саны – 2.
Жалпы қызметкерлер саны - 47, соның ішінде педагог қызметкерлер саны -20
Олардың ішінде:
Жоғары санатты- 2(10%)
І санатты -4(20%)
ІІ санатты -3 (15%)
Педагог-модератор-4(20%)
Санаты жоқ – 7 (35%)
20 педагогтің ішінде:
Жоғары білімді -14 (70%),
Арнаулы орта білімді – 6 (30%) педагог.
Биылғы оқу жылында алдымызға келесі міндеттер қойылды:
1.Балаларды әлеуметтендіру, дербестікке тәрбиелеу, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктері мен дағдыларын дамытуға, әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам және мемлекет дәстүрлеріне баулу.
- Әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құру, балаларды қызықты ойын түрінде тәрбиелеу, оқыту және дамыту, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру, тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасау, ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру.
Ағымдағы оқу жылының басында мектепке дейінгі білім беру мазмұны бойынша “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының курсына 2 тәрбиеші қатысып, өз білімдерін жетілдірді.
Педагогтар жыл сайын республикалық, облыстық, аудандық деңгейде ұйымдастырылатын конференция, семинарларға қатысып, шебер сыныптар көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырады.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жасалып, аяқталды. Ойын, жатын бөлмелері, қабылдау бөлмелері, дәліздер, ас блогы әктеліп, сырланды. Жылыту қазандығы да ағып, құлап тұрған қабырғалары жөнделді. Ойын алаңдарындағы жабдықтар да жаңартылып сырланды. Жалпы ағымды жұмыстарға 440000тг бөлінді.
Бөбекжайда жалпы 38 бейнебақылау камералары орнатылған.Оның 13 сыртқы, 25 ішкі камера.Полициямен тікелей қосылған дабыл батырмасы орнатылған.
Бөбекжайдағы жалпы кітап қоры – 2182 дана
Балалар қауіпсіздігі мен санитарлық нормаларды сақтау үшін барлық жағдай жасалған. Мектепке дейінгі ұйым дезинфекциялау құралдарының қорымен ( кіреберістегі дезинфекциялау кілемшесі, жуу құралдары, антисептиктер, термометр, санитайзерлер, бактирицидтік лампа, жеке қорғану құралдары (маскалар, қолғаптар), дәрі-дәрмек, т.б. заттар жеткілікті қамтамасыз етілген.
Тәрбиеленушілердің білім сапасын жақсарту мақсатында, МДҰ тәрбиешілеріне балаларды оқыту барысында қолдау ретінде және балалардың ата-анасына оқытудағы көмекші әдістемелік құрал ретінде берілетін «BilimKids.kz білім беру платформасы»-мен келісім шарт жасалып, білім беру, тәрбиелеу және оқыту процесстерін ұйымдастыруда пайдаланылуда.
Сонымен қатар «IT Group Kazakhstan»компаниясымен жасалған келісім шарт негізінде «Ақбөпе» бөбекжайының веб-сайты жұмыс жасайды.Бөбекжай туралы барлық ақпарат сол жерде орналастырылады.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар!Сіздерге жаңа оқу жылында толағаай табыстар тілей отырып, бүлдіршіндерге тәрбие мен білім беруге әрдайым есігіміз ашық екеннін хабарлаймыз.
«Ақбөпе» бөбекжайының байланыс телефоны: 21-8-09, 87772328661
Назарларыңызға рахмет!
Құрметпен,«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Ақбөпе» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы Фаузия Хафизовна Ибатова.