30 Қар 2021
Страницы "Ақбөпе" бөбекжайы

Оқу орны туралы

Оқу орнының аталуы – «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Ақбөпе» бөбекжайы МКҚК

Мекен – жайы – БҚО,Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Пушкин көшесі 2

Оқытылатын тілі – қазақ

Жоба қуаттылығы – 140 орындық

Бөбекжайдың жалпы көлемі – 1080,8м²

Бөбекжайдағы педагогтер саны – 20

Жоғары санатты-2

І санатты-4

ІІ санатты-3

Педагог-модератор-4

Музыка залы – 1

Топ саны – 6 топ

 

Бөбекжайдың тақырыбы:

«Бала тәрбиесінің негізі-ұлттық тәрбиеде»

 

Міндеттері:

 

Дарынды балаларды қолдау және дамыту, балалар мен педагогтердің тәрбиелеу мен оқытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді жетілдіру;

- Халықтық педагогиканының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қалыптастыру;

- Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу;

-Мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі-ана тілі болып қалатынын негіздеу;

- Қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрін құрметтеуде тәрбиеленушілердің ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; 

- Ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру;

- Баланың бойында ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу;

- Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі рухани құндылықтар арқылы балаларды Отанын сүю, тілін, өз елінің және өзге ұлттардың тарихын құрметтеуге, ұлттық мұралар негізінде еліне деген сүйіспеншілік қалыптастыруға бағыттау;

 

Мақсаты: ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді,әдеп –ғұрпымызды,дін мен ділімізді , ана тілімізді,мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып,келешек ұрпақты осы асыл қазыналарымыз арқылы тәрбиелеу. Ұлттық тәрбиеге байланысты педагогикалық әдістемелік еңбектерге талдау жасау.Халық ауыз әдебиетін қолдану арқылы, балалардың тілін, ой-өрісін дамыту; балабақша мен ата-ананың тығыз байланысы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуді қалыптастыру. Оқыту-тәрбиелеу үрдістерін ойын негізінде ұйымдастыру, жаңа технологияларды қолдану барысында тиімді,ұтымды, әдіс-тәсілдерді айқындау. Халқымыздың сәндік-қолданбалы өнері негізінде балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар