«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Ақбөпе» бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
ТАРИХЫ
1976 жылы кірпіш силикаттан салынған жаңа екі қабатты ғимарат көпшіліктің көз жауын алатын. 140 балаға есептелген сол кезде «Балдырған» комбинаты деп аталған балабақшада сәбилер, кіші,ортаңғы, ересек және даярлық топтары жұмыс жасады.Жалпы балабақша 180 бала қабылдаған. Сәбилер тобына ата-аналар 1 жас жарымнан бастап әкелген.
Балалар мекемесі сол кезде Кеңес Одағының Батыры Жақсыгулов Садық Шакәлұлы председатель болған Камен ауылдық кеңесінің балансында тұрған. Садық Шәкелұлы балаларға көптеген жағдайлар жасады. Ата-аналар сол кезде жарық өшіп, жылу болмай, су болмай қалған жағдайларды естеріне түсіре алмайды, ондай жағдайлар болмаған.
Сол кезде ауданда мәдениет үйінің ескі ғимаратының қасында тағы бір балабақша жұмыс жасаған.
Кеңес үкіметі кезінде балалардың оқуы мен тәрбиесіне ерекше көңіл қойылды. Балабақшалардың санитарлық жағдайы, балалардың физикалық және психикалық дамуы, тамақтануы, ойыншықтармен және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуі аудан және облыстың құзырлы органдарының қатаң бақылауында болды.
«Балдырған» комбинатының бірінші меңгерушісі болған –Ищанова Галина Хабиевна,өте ақылды, жігерлі, жанжақты, балалардың ішкі жан дүниесін түсіне білетін және ұжымды біріктіріп, артынан ертіп алып кете алатын жандардың бірі еді.
Балаларға және ата-аналарға ертеңгіліктер, концерттер, көгілдір оттар, сонымен қатар басқа да көптік шаралар ұйымдастырылған. Әр баланың туған күні бөлек аталып өткен. Балалар Кеңес Армиясы, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінде ата-аналарына, әже-аталарына өз қолдарымен ашық хаттар дайындаған.
Тәрбиешілер ұжымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара біліп, өте жақсы жұмыс атқарған. Тәрбиешілерден құралған вокалды тобы ауданның барлық мерекелік,салтанатты шараларына қатысып, талай Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталған.
Кейін Галина Хабиевна аудандық атқару комитетінің орынбасары лауазымына тағайындалады. Әлеуметтік мәселелерді қадағалау барысында ол балабақшаға қолынан келгенше барынша көмегін аямады.
Кейін балабақшаны Гапура Даулетовна Таскалиева, Мария Валерьевна Рзалиева, Гульнара Галиматовна Кабденова, Любовь Владимировна Вологина басқарды. Осы басқарған әйелдердің әр қайсы жаңаша бір нәрселер енгізді. Бұл тәжірибе, бұл балалар педагогикасынан жақсы білімдері, бұл ұйымдастырушылық қабілеттері, бұл жас кадрларды тәрбиелеу және сонымен қатар еліміздің кішкентай азаматтарын тәрбиелеу жолындағы ауқымды жұмыстар. Тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілерінен құрылған ұжым өзінің жарқын, қызықты, қоғамдық жұмыстарға толы өмірін өткізді.
90-шы жылдары қайта құру заманы кезінде мектепке дейінгі ұйымдар жабылып, ғимараттар жеке капиталдар қолына кетті. 1997 жылдары елдегі оңтайландыруға байланысты көптеген балабақшалар жабылып қалған болатын. Оңтайландыру ауданымызға да әсерін тигізіп, балабақшалар жұмысын тоқтатқан болатын. «Балдырған» комбинаты да осы жағдайды басынан кешті.
Балабақшалар қайта жандандырыла бастаған кезде «Балдырған» комбинатының ғимаратында Тасқала ауданының әкімі Р.Кариннің 26.01.2000ж №12 шешімі негізінде «Ақбөпе» балабақшасы ашылып, Наженова Сара Жалмухановна балабақша директоры болып тағайындалған.
Жас ұрпақты тәрбиеге баулыған бұл білім ордасының тарихына көз жүгіртсек, сол жылдары 2 топпен ашылған балабақша 50 баламен жұмыстанып бастады, дейді Сара Жалмухановна. Алғашқы тәрбиешілер А.К.Есенова, Г.Д.Кунтаева, С.Н.Мухтарова, Т.Д. Джузжигитова қазіргі уақытта жастарға үлгі көрсетер тәжірибелі мамандар. 2003 жылы облыстық «Үздік тәрбиеші» бақауына қатысқан Т.Д.Джузжигитова жүлделі ІІІ орынды иеленіп, балабақшаның абыройын көтерді. Қиыншылық кезеңдерде балабақшаның аяқтанып кетуіне зор үлесін қосқан Сара Жалмухановна өзінің саналы өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған балаларға, ұжымға деген қамқорлығын аяған емес. Жастарға ақыл кеңес беріп, үйретуден жалықпайтын әрдайым қол ұшын беруге әзір тұратын, үлкенге ізетті, кішіге қамқор бола білген үлгілі басшы.
Мария Кажыбайқызы Искалиева 2006 жылдан бастап меңгеруші болып тағайындалғанға дейін балабақшада әдіскер болып бастаған. Мария Кажыбайқызы Искалиева тәрбиешілердің ізденістерін жалықпай шығармашылық бағытта жұмыс жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оларға жан-жақты талап қоя білген басшы. Мария Кажыбайқызы басшылық еткен жылы балабақша күрделі жөндеуден өтіп, асханаға газ қондырылып, қажетті материалдар алынды. Балабақшаның ауласы профлистпен қоршалды. Мария Кажыбайқызы басшылық еткен ұжымның тынымсыз еңбегінің нәтижесінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының «Үздік ауылдық балабақша» дипломымен марапатталды.
Бала тәрбиесі мен оқытуда өздерінің үлкен үлесін қосқан ұлағат иелері, ардагерлеріміз бар. Қай кезде олардың лебіз-тілектері көңілге қонымды, жүрекке жақын екендігіне көпшілік куәміз.Ардагер-ұстаз Балсекер Сапарқызы, Нұрғаным апа, Айкүміс апа, Райхан апа, Мария апа, Ақтұрсын апа біздің жадымызда сақталып, балабақша тарихында сақталасыздар.
Балабақша ашылғаннан бастап қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі мамандарымыз бар. Медбике М.А.Абдулова , тәрбиешілер Алма Катапқызы, Сафура Насипкалиқызы, Галия Дүйсенқызы өз ісінің майталмандары, жастар үшін үлгі тұтар ұстаздар. Отанымыздың игілігі жолында ізгі ниетпен еңбек ете беріңіз дейміз.
Аталған уақыт ішінде балабақша 500-ден астам түлекті тәрбиелеп мектепке жіберді. Олардың алды қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарының студенттері.
2011 жылы балабақша меңгерушісі болып Турганалиева Дария Сулейменовна тағайындалды.Балабақшада 140 орынды қамтитын 6 топ жұмыстанды. Меңгеруші Д.С.Турганалиева «Мағжан Жұмабаевтың: «Бала тәрбиесі бір өнер, болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»-деген асыл сөзін қағида етіп ала отырып, педагогтардан да соны талап етеді.
Сол кезде балабақшада 13 тәрбиеші, орыс, ағылшын тілінің мұғалімдері, педагог-психолог, саз жетекші, сурет пәнінің мұғалімі және хореограф жұмыс атқарады. Олардың 1-еуі жоғары санатты әдіскер Ақбілек Мүсірқызы Джумалиева, 4-еуі І санатты, 4-еуі – ІІ санатты тәрбиеші мен мамандар. Балабақшада әр маманның жұмыстануына жағдай жасалған: ИЗО студия , саз жетекші бұрышы, хореографиялық айна және стонок жасақталған. Педагог-психологқа да бөлме бөлініп, қажетті материалдармен жабдықталған. . Меңгеруші Дария Сулейменқызы Турганалиева балабақшаның материалдық – техникалық базасын айтарлықтай жоғары деңгейге жеткізді. Жаңа үлгідегі ойын шкафтарын, сюжетті-рөлді ойындарға арналған жиһаздар, тәрбиешілерге және олардың көмекшілеріне арналған шкафтар, балаларға жұмсақ инвентарьлар, оргтехникалар алынды. Балабақшаның безендірілуі жыл сайын жаңартылып отырады. «Осының барлығы балалардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр» -дейді Дария апайымыз.
Турганалиева Дария Сулейменовна 2018 жылы Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», 2015 ж. Аудан әкімінің «Тіл жанашыры - 2015» аудандық байқауының дипломымен, 2015 жылы БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті грамотасымен, 2016 жылы Тасқала аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаты», 2017 жылы БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Балабақшада талантты балалардың қабілеттерін шыңдау мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Басым көпшілігі аудандық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделер иеленіп жүр. 2012 оқу жылында Серіков Жасұлан аудандық «Жас суретші» сырттай суреттер байқауында жүлделі ІІ орынды иеленсе, 2013 оқу жылында Сағынгерей Әмірби дәл осы байқауда жүлделі ІІІ орынды иеленді. 2012 оқу жылында Нұрым Әдемі аудандық «Балақай» шығармашылық фестивалінде ән жанры бойынша жүлделі І орын алса, 2013 оқу жылында Разақ Аяна дәл осындай орынға ие болды. 2013 жылы Вахит Айым аудандық «Тілашар» мәнерлеп оқу сайысында жүлделі І орын. 2014 оқу жылында аудандық «Тәрбие басы - тіл» мәнерлеп оқу сайысында ортаңғы топ тәрбиеленушілері Бас жүлде. Қуанайлар отбасы аудандық «Толағай» спорттық жарысқа қатысып жүлделі ІІІ орынды алды.2014 жылы ортаңғы топ тәрбиеленушілері Хамидолла Раяна мен Мамбетова Алмагуль Астана қаласында өткен ҮІІІ халықаралық «Ақ көгершін» фестиваль-байқауына қатысып, «Өнерлі ханшайым» және «Әдемі ханшайым» номинацияларымен марапатталды. Бұл жас өреннің өнерін ұштау, өрісін кеңейту бағытында жасалып жатқан жұмыстардың жемісі екені даусыз.
Талантты бүлдіршіндерді танып, олардың талабын ұштау бағытында көп жұмыстанамыз. Әр түрлі байқауларға қатыстырып, бағыт-бағдар беріп отырамыз,-дейді тәрбиешілер. Балабақшаның «Жас мамандардың тәлімгері» тобы жұмыс жасайды. Топқа 20 жылдан астам өмірін бала тәрбиесіне жұмсаған, І санатты тәрбиеші Есенова Алма Катапқызы жетекшілік етеді. Топ жетекшісі жұмысын енді бастаған жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибелерімен бөлісіп, білімдерін шыңдау мақсатында арнайы ұйымдастырылған оқу әрекеттер өткізіп тұрады. Сол арқылы біз жас мамандарға тәжірибе жинауға үйретеміз.
Жалпы бөбекжапй жетістіктеріне тоқталар болсақ, Сейтмуханова Айнагуль Жасқайратқызы(бүгінгі күні Қ.И.Сәтпаев ат. ЖОББМ мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі) - 2012 жылы «Тәрбиешілер көшбасшысы» интеллектуалдық турнирде жүлделі І орын алса, 2013 жылы Азбергенова Гүлзада Имангалиевна(қазіргі таңда «Балдырған» бөбекжайының әдіскері) жүлделі ІІ орын иеленді. Есенова Алма Катаповна «Үздік тәрбиеші -2012» аудандық байқауында жүлделі ІІ орын, Жаксыгулова Нургуль Мирзаканқызы(Тасқала ауданы білім беру бөлімінің мектепке дйеінгі тәрбие мен білім беру жөніндегі әдіскері) аудандық «Ең үздік тәрбиеші-2013» аудандық сайыста Бас жүлде, 2014 жылы Жанекенова Гульжан Жаныбекқызы аудандық «Үздік тәрбиеші -2014» жүлделі ІІІ орынды иеленді.
2014 жылы тәрбиеленушілері А.Сапар, Р.Қамидолла аудандық «Тәрбие басы тіл» байқауына қатысып Бас жүлдені иеленсе, 2015 жылы Астана қаласында өткен VIII халықаралық «Ақкөгершін» байқауында Р.Қамидолла «Өнерлі ханшайым» номинациясын алды. 2015 жылы аудандық «Ойнайық та, айлайық» сырттай байқауынан І орын, 2016 жылғы «Балақай» аудандық байқауынан тәрбиеленушісі Р.Батаева ІІ орын иеленді.Осы тәрбиеленушілерді дайындаған тәрбиеші Есенова Алма Катаповна.
2016 жылы ортаңғы топ тәрбеиелнушілері «Тәрбие басы- тіл» атты аудандық байқауға қатысып, «Бас жүлдеге» ие болды. Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кел балалар оқылық» байқауда ортаңғы топ тәрбиеленушісі Ахметова Фариза жүлделі І орынға ие болды.
Хореограф Н.Е Кадыркулованың жетекшілігімен ортаңғы топ балалары Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Грация» спорттық би клубы ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Нұрлы жол» қалалық фестиваліне қатысып «Детский танец 3,4,5» номинациясы бойынша жүлделі І орынға ие болды. Музыка жетекшісі Е.Х Шандыровтың жетекшілік етуімен Аудандық «Ән шырқайық бәріміз» атты сырттай байқаудан Есімбек Әсем жүлделі І орынға ие болды. Аудандық «Толағай» спорттық-отбасылық сайыста Дүйсенбеевтер отбасы жүлделі ІІ орынға ие болды Аудандық балалар орталығының ұйымдастыруымен «Әкем, шешем және мен» отбасылық сайыста Тасмухановтар отбасы жүлделі ІІ орынға ие болса, Жаксыгуловтар отбасы «Жаңашыл отбасы» номинациясына ие болды. Аудандық «Ойнайық та, ойлайық» атты сырттай байқауда тәрбиеші А.К Есенова жүлделі І орынға ие болды. Аудандық «Ән шырқайық бәріміз» атты сырттай байқаудан музыка жетекшісі Е.Х Шандыров грамотамен , тәрбиеленушісі Есімбек Әсем жүлделі І орынға ие болды. Аудандық «Үздік портфолио» сырттай байқауында Н.М Жақсығұлова «Жаңашыл педагог» номинациясына ие болды.
2016 жылы Тасқала аудандық білім бөлімінің ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына 20 қараша бүкіләлемдік балалар күніне орай балабақша тәрбиеленушілері арасында өткен «Балақай» балалар шығармашылық байқауынан «Бас жүлде», «І,ІІ орын» иеленді
2017 жылы «Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды логикалық ойындар арқылы қалыптастыру» облыстық семинар-практикумда Г.Ж.Жанекенова, А.К.Есенова, А.А.Жуматов өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Тәрбиеші Жақсыгулова Нургуль Мырзаканқызы 2018 жылы облыстық тамыз кеңесінің секция бөлімінде «Асық терапиясы» шеберлік сыныбын облыс көлемінде көрсете білді. 2018жылы «Асық терапиясының тиімділігі» жобасын аудан көлемінде таратты.
Тәрбиеші Есенова Алма Катаповна 2014 жылы тәрбиеленушілері А.Сапар, Р.Қамидолла аудандық «Тәрбие басы тіл» байқауына қатысып Бас жүлдені иеленсе, 2015 жылы Астана қаласында өткен VIII халықаралық «Ақкөгершін» байқауында Р.Қамидолла «Өнерлі ханшайым» номинациясын алды. 2015 жылы аудандық «Ойнайық та, ойлайық» сырттай байқауынан І орын, 2016 жылғы «Балақай» аудандық байқауынан тәрбиеленушісі Р.Батаева ІІ орын иеленді. 2017ж. ҚР «Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығындағы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогтың үздік портфолиосы» байқауының ІІ дәрежелі Дипломын иеленді.
2018 жылы меңгеруші Турганалиева Дария Сулейменовна және әдіскер Жанекенова Гульжан Жаныбековна Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2019 жыл аудандық «Ертегілер елі» атты балабақша тәрбиеленушілері арасындағы байқауда Байжанов Ерасыл ІІ орын иеленді.(тәрбиеші Мусралиева Алтынай Болатқызы)
2019 жылы аудандық «Ана тілім – дана тілім» атты аудандық балабақша тәрбиеленушілері арасындағы аудандық байқау, ІІ орын, Байжанов Ерасыл мен Асқар Айша 2020 жылы аудандық «Қайырымдылық айлығы» аясында қашықтықтан ерекше білім беріге қажеттіліктері бар 2-9 жастағы балалар арасында «Қолөнер» жанры бойынша «Алтын қолдар» байқауы ІІ орын
2020 жыл Облыстық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырған «Ертегілер елі» атты онлайн байқауы бойынша ІІІ орын, Ерғали Айзере мен Хафиз Бекмұрат «Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» атты қашықтықтан өткізілген Республикалық мәнерлеп оқу байқауының ІІІ орын жүлдегері. 2020 жыл мамыр айы, Нұр – Сұлтан қаласы, Ирғали Айзере, Абдурашитов Алихан, Айтқали Амина, Фэликс Мэлисса Аудандық «Балбөбек - 2021» І орын, Ирғали Айзере, Хафиз Бекмұрат, Абулхаиров Ибраһим.
2019 жылы Орал қаласында өткен облыстық «Жарқыра, балапан!» сайысына Төлегенова Шахназ , Мамышева Айзере тәрбиеленушілерді жоғары деңгейде дайындағаны үшін Самсенова Ханымзия Болатовна дипломмен марапатталды.
2020 жылы тәрбиеші Ергазиева Гулайна Булатовна «BALA DARYN» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай “Әлем таныған Абай» жобасы аясында өткен «Күз» атты өлеңін мәнерлеп оқудан республикалық байқауға дарынды шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды
Тәрбиеші Уразгалиева Гульжамал Кайрлиевнаның тәрбиеленушілері Нұртазин Шахан, Қайратұлы Қайырлан, Бақытжан Жасұлан Пони (Пайымда! Ойла! Нәтежеле! Игер! сайысынан қатысып Сертификат алды. Утеғали Ерқанат «Пони» ТІЛАШАР байқауының «ЖҮЛДЕГЕРІ» атанды. Орал қаласында өткен облыстық «Жарқыра, балапан!» сайысында Төлегенова Шахназ , Мамышева Айзере III дәрежелі дипломға иеленді
Музыка жетекшісі Шандыров Еркебулан Хайрбулатович 2015 жылы аудандық «Ән шырқайық бәріміз» сырттай байқауына тәрбиеленуші қатыстырып, жүлделі ІІ орын иеленді. Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Салауатты өмір салтына Ия - дейміз» ұранымен өткен «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясына белсене қатысып марапатталды. Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған «Тәрбие басы тіл» байқауынан Абуталап Хабиба І орын иеленді. 2016 жылы аудандық «Балақай» байқауында тәрбиеленушісі Ж.Жакупов «Бас жүлде» иеленді. 2016 жылы Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған «Ана тілім - ардағым» атты балабақша бүлдіршіндері арасындағы аудандық байқауында ІІІ орынға ие болды..2017 жылы Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған «Тәрбие басы тіл» байқауында бөбекжай бүлдіршіндері «Бас жүлде» иеленді. 2018 жылы аудандық «Балақай» байқауынан «Би жаныры» бойынша тәрбиеленуші Жеңіс Асылай І орын , Алиева Амина аудандық «Ән шырқаймыз бәріміз» атты сырттай байқауынан Бас жүлдеге ие болды. 2019 жылы «Акбөпе» бөбекжайы тәрбиеленушілері «Ертегілер елінде» атты аудандық қуыршақ театры байқауында ІІ орынға ие болды.
2019 жылы педагог психолог Айбатова Райгуль Кульмановна облыстық «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2020 жыл ағылшын тілінің мұғалімі Нсанова Люция Болатбековна Тасқала ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұймының «Құрмет грамотасымен», бейнелеу өнерінің жетекшісі Сапаров Ахмет Гайдарович аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен», тәрбиеші Есенова Алма Катаповна ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2021 жылы тәрбиеші Уразгалиева Гульжамал Кайрлиевна, музыка жетекшісі Шандыров Еркебулан Хайрбулатович аудандық «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
«Ұстаздар» күніне орай әдіскер Жанекенова Гульжан Жаныбековна Тасқала ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұймының «Педагогикалық оскар» сыйлығымен, орыс тілінің мұғалімі Иргалиева Бибигуль Телеккалиевна «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен» марапатталды.
«Бала бағбаны-2021» аудандық сайыста тәрбиеші Хункашева Гаухар Асылбековна жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Тасқала ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жыл қорытындысы бойынша «Үздік жас тәрбиеші-2021» аталымымен Жұмашева Құндық Жарқынқызы марапатталды.
Тасқала ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұймының ұйымдастыруымен өткен «Үздік кәсіподақ ұйымы-2021» сайысында «Ақбөпе» бөбекжайы кәсіподақ ұйымы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» аталымына ие болды.
Тәрбиеші Самсенова Ханымзия Болатовна аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетовтың Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қызметкер Колдыбаев Геннадий Иванович Тасқала ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұймының Алғыс хатымен марапатталды.
Балабақшаның тәрбие жүйесінде ата-анамен ынтымақтасы жұмыстану , ерекше бір орын алады. Ата-аналар балабақшада өткен іс-шараларға қызығушылықпен қатысып, тәрбиешілерге оқу-тәрбие істерін нәтижелі жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Атап айтсақ, ата-аналар жиналыстары, қоғамдық шаралар, мерекелік ертеңгіліктер, отбасы сайыстары. ашық есік күндерін өткізу. т.б. Жыл басында ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-ананы топтағы оқу –тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстырылды. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңестер беріліп отырды.Үйде бала дастархан басында, басқа да жерлерде өзін-өзі ұстау мәдениетіне көңіл аудартукеректігі және дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау сияқты мәселелерге кеңестер беріліп отырды. Барлық топта ата-аналар комитеті жұмыс істейді. Балабақшаның жалпы «Балабақша мен ата-аналар арасындағы сабақтастық», «Баланың жан-жақты дамуындағы отбасының рөлі» тақырыбында жиналыстары өткізілді. Ата-аналар балабақша ішінде өтіп тұратын мерекелерге, спорттық сайыстарға, отбасылық сайыстарға қатысып тұрады. Мысалы: «Жаңа-жыл», «Наурыз мейрамы», «Ару аналар»,«Әкелер шеберханасы».
2021 жылдың қыркүйек айында бөбекжай басшысы лауазымына Ибатова Фаузия Хафизовна тағаайындалды. Қазіргі таңда бөбекжайда 20 педагог, 26 кіші қызметкер жұмыс жасайды. Педагогтардың 80 пайызы жас буын. Жоғары санатты-2 педагог(А.К.Есенова,М.Н.Сариева), бірінші санатты-4 педагог(Уразгалиева Г.К., Айбатова Р.К., Хожина А.М:, Хункашева Г.А.), ІІ санатты-3 педагог(Иргалиева Б.Т., Сапаров А.Г, Шандыров Е.Х.,), педагог-модератор-4 педагог(Мусралиева А.Б., Жұмашева Қ.Ж., Самсенова Х.Б., Нсанова Л.Б).
Жыл қорытындысы бойынша Құндыз Жарқынқызы Жұмашева «Үздік тәрбиеші-2021» аталымына ие болды.
2022 жыл
Бейнелеу өнерінің мұғалімі Ахмет Гайдарович Сапаров мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің арасында ұйымдастырылған «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» тәжірибесінен шебер-сыныпқа қатысып аудандық кезеңнен І орын, облыстық кезеңнен І орын алып, Республикалық кезеңде жүлделі ІІ орынға ие болды.
Тәрбиеші Алтын Мусаевна Жанакова мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің арасында оздырылған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» аудандық байқауына қатысып жүлделі І орынға ие болды.
Орыс тілінің мұғалімі Бибигуль Телеккалиевна Иргалиева мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің арасында өткен «Табысқа қадам» аудандық сайыста І орынды қанжығасына байлап, облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Әдіскер Гульжан Жаныбековна Жанекенова аудандық "Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері" байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Бөбекжайдың педагогикалық ұжымы әдістемелік үрдістерді іске асыруда халық педагогикасын, ұлттық тәрбие, Вольдорф педагогикасын, Тәй-тәй технологиясының элементтерін, ақпараттық технолногияларын, дамыту ойындарын, ТРИЗ элементтерін шебер қолданып, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтармен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуде.