|
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Ақбөпе»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Басшы |
Ибатова Фаузия Хафизовна |
Оқыту тілі |
Қазақ |
Құрылған жылы |
2000ж |
Лицензия нөмірі |
KZ85RVK00030967 |
Берілген күні |
02.02.2021ж |
Лицензия қосымшасының берілген күні: |
№01699 02.02.2021ж |
Мекен-жайы |
БҚО,Тасқала ауданы,Таскала ауылы, Пушкин көшесі 2 |
Телефон |
Тел.87113921809 |
Бөбекжай сайты |
http://akbope.taskala-bilim.edugov.kz/kz/ |
|
аБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
|
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02B1gkzVM6d3NPCxp3W3K5pPMmtPNB1RtYXZRXymnbjTVuoZHoP5aE1hgfpgNtoakpl&id=100039683500029 |
|
https://www.instagram.com/p/Ch2KIzPKaai/?igshid=N2Y5NTAwYTk= |
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Ақбөпе»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
БИН 000240001113
ИИК KZ796010181000043481
БИК HSBKKZKX
ҚР «Халық банкі» Ақ БҚОФ
РНН 271200001729
Мекен-жайы: БҚО,Тасқала ауданы,Таскала ауылы, Пушкин көшесі 2
Тел.87113921809
аБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекеме басшысы Ибатова Фаузия Хафизовна
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Ақбөпе» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2000 жылы 26 қаңтарда ашылды.
Бөбекжай мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Пушкин көшесі, 2 үй.
Жобалық қуаттылығы 140 орын, жас ерекшеліктеріне қарай 6 топ жасақталған. Бөбекжайда тәрбиелеу және білім беру жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Бөбекжайда: психолог кабинеті, музыка мен хореография залы бар. Кабинеттер қажетті әдістемелік және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.
Балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай қарастырылған. Оқу-әдістемелік және тәрбиелік мәні бар шараларды өткізуге бөбекжайда барлық жағдай жасалған. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу-көрнекілік құралдарын тәрбиеші педагогтер ата-аналармен бірлесіп жасауды ұйымдастырып тұрады. Бүгінгі таңда бөбекжайда 140 бала тәрбиеленуде.
2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыруда бөбекжай Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Үлгілік оқу жоспарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, Әдістемелік-нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алды.
Бөбекжайда 20 педагог-тәрбиеші қызмет атқарып мектеп жасына дейінгі тәрбиеге қатысты қарқынды дамыған заман ағымындағы жаңалықтарды игеріп , байқау, сайыстарға қатысып жүлделі орындарға иеленіп , іс-тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдап ,жан-жақты тәлім –тәрбие беруде. Педагогтердің 10-ы жоғары, 10-ы арнаулы орта білімді.
Біліктілік санаттары бойынша 1-і жоғары санатты, 7-і бірінші санатты,7-і екінші санатты.
Педагогикалық ұжымда 20 педагог мамандар жұмыс істейді. Меңгеруші – 1, әдіскер – 1, педагог-психолог – 1, музыка жетекшісі -1, бейнелеу өнерінің мұғалімі - 1, орыс тілінің мұғалімі – 1, ағылшын тілінің мұғалімі-1, дефектолог мұғалім -1, тәрбиешілер -12 адам.
.